«Қорғас» бекеті арқылы 74 тонды Қазақстанға алып өтпек болғандар ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Алтынкөл» кеден бекетінде 74 тері бұйымы анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Қорғас» бекеті арқылы 74 тонды Қазақстанға алып өтпек болғандар ұсталды

«28 қараша күні Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға өтетін «Қорғас» ШМЫХО бақылау-өткізу пунктінің жолаушылар терминалы залында теріден тігілген 74 киім табылды. Бұл бұйымдар «Rapiscan» рентген-телевизиялық қондырғысынан өткізу барысында анықталған. Онда күзен терісінен жасалған 20 тон, табиғи теріден жасалған 54 күртеше болды. Олар төсек жабдықтарына оралған» делінген хабарламада.

Алдын ала есептеу бойынша, кеден бажы мен салық сомасы 3 млн теңгеден асады.