«Қорғас» кеден бекетімен байланысты іске қатысы барлар делдалдар арқылы құқық қорғау органдарына пара бермек болған
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - «Қорғас» кедендік бекетімен байланысты іске қатысты азаматтар делдалдар арқылы құзырлы орган өкілдеріне өздеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін пара ретінде 5 миллион АҚШ долларын бермек болған.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.
«Қорғас» пен «Қалжат» кеден бекеттерінде ұзақ уақыт бойы қылмыстық әрекеттермен айналысып жүргені үшін үстерінен қылмыстық іс қозғалған ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерінің істі тоқтату үшін делдалдар арқылы құқық қорғау органы өкілдеріне пара беру фактісі анықталды.
«Юсупов, Зиманов, Әубәкіров қылмыстық істі тоқтатамыз деген желеумен қамауда отырғандардан азамат Усманов арқылы 5 миллион АҚШ долларын алған. Аталмыш азаматтарға қатысты 24 қаңтар күні қылмыстық іс қозғалды»,-деді ресми өкіл.
Оның сөзінше, 25 қаңтар күні Юсупов, Зиманов, Әубәкіров пен Усманов «Медеу» аудандық сотының санкциясы негізінде тұтқынға алынды, қазіргі таңда аталмыш оқиға тексерілу үстінде.