«Қорғас» өткізу пункті көпжақты қатынасқа арналған автокөлік пункті тізіміне кіргізілді

АЛМАТЫ. 29  маусым. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті «Қорғас» өткізу пункті Қазақстан-Қытай учаскесінде   көпжақты қатынасқа арналған автокөлік пункті тізіміне  кіргізілгендігін хабарлады.  
None
None

Қазақстан Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238  қаулысына сәйкес, «Қорғас» өткізу пунктінен,  Қазақстанның мемлекеттік шекарасы  арқылы жаяу жүргіншілергежүріп өтуге рұқсат етілмеген.   Мемлекеттік шекара  арқылы өтушілер «Қорғас» өткізу пунктіне жолаушы автобустармен келіп, Үкіметтің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767  қаулысымен  бекітілген Жолаушыларды және қол жүктерін көлік құралымен тасымалдау қағидасына сәйкес жүруі тиіс.  Қағидаға сәйкес жолаушыларды  тасымалдау тек жүру билеттері арқылы жүргізіледі. Жолаушыларды билетсіз алып жүру және де автобустағы отыруға арналған орындықтардан тыс артық  жолаушы адам алуғақатаң тыйым салынады.

Кеден одағының кеден шекарасында Қазақстан мен Қытай арқылы жеке тұлғаларды алып өту,  Қазақстанның көлік қатынастары заңнамасына сәйкес халықаралық тасымалдаумен айналысатын автокөлік құралдарымен жүргізіледі.   Автокөлік қатынастары заңдылықтары талаптарын бұзған тасымалдаушылар «Әкімшілік құқық бұзушылық» ҚР Кодексінің 476 бабына сәйкес,  әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767  қаулысымен  бекітілген Жолаушыларды және қол жүктерін көлік құралымен тасымалдау қағидасы ҚР  Көлік және коммуникациялар министрлігі сайтында  www.mtc.gov.kz орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар