«Қорғас» Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының президенті болып Ғабдолхәкім Жәшібеков тағайындалды

АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Жалғыз акционердің бұйрығымен «Қорғас» Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамының президенті болып Ғабдолхәкім Жәшібеков тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Ғ.Жәшібеков 1959 жылы туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебін, РФ ІІМ Академиясын бітірген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында бірқатар басшылық лауазымдар атқарған. ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет еткен. Қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары болған. Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін басқарған. «Алпроф» консорциумы директорлар кеңесінің төрағасы болған. Әділет генерал-майоры.

«Қорғас» Шекара ынтымақтастығы халықаралық орталығы» мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылған акционерлік қоғам болып табылады.

Соңғы жаңалықтар