«Қорғас» Шекаралық ынтымақтастық орталығы мен «Тойота Цусе Корпорейшн» компаниясы меморандумға қол қойды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Қорғас» Шекаралық ынтымақтастық орталығы» АҚ мен «Тойота Цусе Корпорейшн» АҚ арасында «Қорғастың» қазақстандық бөлігін игеруге инвестиция салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қол қойылған құжат халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жобасын құруда тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен ұстанымдарын айқындап, жобаға инвестиция тарту, бірлескен шараларды өткізу, сондай-ақ тәжірибе алмасу мәселелерін қамтып отыр.Қазақстанның Индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Вячеслав Советскийдің айтуынша, ведомство алты бағытта жұмыс істеуде. Соның бірегейі - индустриялық-инновациялық бағыт, бұл бағытта инвестиция тарту мәселесі басымдықты мәселе болып табылады. «Жапон бизнесінің Қазақстанға деген ықыласына ризамыз және серіктестік қарым-қатынасқа мүдделіміз, себебі «Тойота» сияқты әлемге танымал компаниямен өзара ынтымақтастықты нығайту «Қорғастың» беделін арттыруға және жалпы жобаның инвестициялық тартымдылығына оң әсер ететіні анық», деп атап көрсетті ол. «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының стратегиялық орналасқан жері тұтас аймақтың және еліміздің халықаралық логистикалық бизнестегі транзиттік әлеуетін дамытуға үлкен серпін беретін болады.
Соңғы жаңалықтар