Қорғаста адамды кепілдікте ұстап, 20 мың доллар талап еткен ұрылар қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаста ұрылар кепілдікте ұстап, 20 мың доллар талап еткен Қырғызстан азаматы босатылды. Бұл туралы дүйсенбіде КирТАГ Қырғызстан СІМ-не сілтеме жасап хабарлады.
Министрлік Қытайдағы Қырғыз Республикасы елшілігі мен ҚХР Шыңжаң- Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылымен ШҰАӨ Үрімжі қаласында СІМ визалық пунктінің бірлескен күшімен 2016 жылғы 12 қаңтарда Қорғас қаласында белгісіз біреулер заңсыз ұстап отырған 1985 жылы туылған Қырғызстан азаматы босатылды.
Қорғас қаласының полициясы қылмыс жасағандарды ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамады.
Қырғызстан азаматын ұстап, ақша талап еткені жайлы хабарлама қырғыз азаматының туыстарынан Ош қаласындағы СІМ өкілетті өкілдігіне келіп түскен.