Қорғастағы адам өлімі: Айыпталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды

 ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда Қорғастағы адам өліміне байланысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Диас Кәріпжанов 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Прокурордың сот залында айтқан мәліметіне сәйкес, айыпталушы Кәріпжанов пен марқұм Төлегеновтің арасында бұған дейін бірнеше мәрте кикілжіңнің  болғаны расталды.

Естеріңізге сала кетейік, сот процесі 22 тамызда басталды.  Алайда айыпталушы орындығында отырған Диас  Кәріпжанов тағылған айыппен келіспейтінін жеткізген болатын. Оның сөзінше, Қуаныш Төлегеновті  қасақана өлтірмеген.  Және ол істеген әрекетіне қатты өкінетінін, қылмысын жартылай мойындайтындығын жеткізді. 22 жастағы күдікті ҚР ҚК 99-бабы яғни,  «Қасақана адам өлтіру» фактісі бойынша айыпталуда.

  Айта кету кетейік, бұл оқиға биыл  4 маусымда  «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының аумағында болды. Панфилов ауданының тұрғыны Д. Кәріпжанов өзінің танысы Қ. Төлегеновпен өзара сөзге келіспей, оның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. 25 жастағы азамат алған жарақатынан Жаркенттегі ауруханаға жетпестен көз жұмды. Адам өлтіру оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Сонымен қатар, Кәрібжанов марқұмның туыстарына 2 591 200 теңге материалдық шығын мен 2 миллион теңге моральдық шығын өтеп беруге міндеттелді. 

Соңғы жаңалықтар