Қорғастағы адам өлімі: Қорғаушы айыпталушыдан 23 млн теңге талап етті
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы талап еткен шығынның жалпы соммасы 23 178 875 теңге. Оның ішінде 20 млн теңге моральдық, ал қалғаны материалдық шығын деп есептелген. Алайда, айыпталушы, бұл шығын көлемін төлеуге шамам жетпейді деп жауап берді. Диас Кәріпжанов марқұмды жерлеуге кеткен шығындарды өтеуге келісетінін білдірді. Бірақ, моральдық шығын көлемімен келісесіз бе, деген судьяның сұрағына жауап бермеді. Бүгін сот процессі аяқталуы мүмкін. Қазір үзіліс жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, сот процессі 22 тамызда басталды. Алайда айыпталушы орындығында отырған Диас Кәріпжанов тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді.
Оның сөзінше, ол Қуаныш Төлегеновті қасақана өлтірмеген және ол істеген әрекетіне қатты өкінетінін, қылмысын жартылай мойындайтындығын жеткізді. 22 жастағы күдікті ҚР ҚК 99-бабы яғни, «Қасақана адам өлтіру» фактісі бойынша айыпталуда.
Айта кетейік, бұл оқиға биыл 4 маусымда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының аумағында болды. Панфилов ауданының тұрғыны Д. Кәріпжанов өзінің танысы Қ. Төлегеновпен өзара сөзге келіспей, оның кеуде тұсына пышақ сұғып алған. 25 жастағы азамат алған жарақатынан кейін Жаркенттегі ауруханаға жетпестен көз жұмды. Адам өлтіру оқиғасы бейнебақылау камерасына түсіп қалған болатын.