Қорғастағы сауда дүңгіршектерінің көпшілігі уақытша жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне байланысты Қорғас бекетіндегі сауда нүктелері уақытша жабылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында Қытайдағы шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2018 жылдың 11 ақпанынан 25 ақпанға дейін сауда нүктелерінің көбі жұмысын тоқтатады.
Қытай жағындағы сауда үйлерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы сағат 07:00 ден 19:00 ге дейін штаттық режімде жұмыс істейтін болады.