Қорғастағы су басу қаупі жойылды - Қазселденқорғау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғас өзенінде бұрынғы өзен бойында салынған қорғаушы топырақ бөгетті су шайып кетті. Әсіресе, сол жағалау бойында ескі көлік жолының көпірі артындағы «Қорғас» шекарамаңындағы ынтымақтастықтың халықаралық орталық нысандарында және ҚР ҰҚК ШҚ 2091 ә/б-нің бақылау-із кесу жолағы орналасқан сол жағалауда жағдай ушықты.

Қорғастағы су басу қаупі жойылды  - Қазселденқорғау

Бұл туралы Қазселқорғау сайтынан хабарланды.

Бүгінде «Қазселденқорғау» ММ Алматы облыстық пайдалану басқармасының құрамында 14 адам және 13 техника бірлігі жұмылдырылған механикаландырылған апаттық тобы жұмыс істеп жатыр.

2016 жылдың 27-шілдесінде Қорғас өзені - Қорғас ауылы бекетінде су өтімі 10-35 м3/с шамасында құбылды, судың лайлылығы - 1 балл, жауын-шашын тіркелген жоқ.

Қорғас өзенінде жағдай тұрақталды, су өтімі 25 м3/с құрайды. «Қолға алынған шаралар негізінде нысандарға төнген қауіп уақытша жойылды», - деп хабарлады  Қазселденқорғау мекемесінде.