02:08, 23 Қараша 2018 | GMT +5
Көріңдер менің кім екенімді: Данияр Елеусіновтің Монте-Карлодағы сөзі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Монте-Карлода (Монако) профи-рингтегі кезекті айқасы алдында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз алды, деп хабарлайды Sports.kz.
24 қарашада Данияр Монте-Карлода (Монако) Casino de Monte Carlo Salle Medecin ойын-сауық кешенінде никарагуалық Карлос Мохикамен (16-2-2, 12 КО) жекпе-жекке шығады.
«Маған бұл орын ұнайды. Мұнда бірінші рет келіп отырмын және соңғысы болмайтындығына сенемін. Маған әр елде, әртүрлы жандардың алдында бокстасу ұнайды. Сенбі күні мені көру үшін келіңіздер!»,- деді Елеусінов.
Данияр соңғы жекпе-жегін 20 қазанда Бостонда (АҚШ) өткізді. Ол алғашқы раундта америкалық боксшы Мэтта Доэртиді (8-6-1, 4 КО) нокаутқа түсірді.