Көріпкел-сегізаяқ енді болжам жасамайтын болады

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Немістің Оберхаузенінің су орталығындағы аты аңызға айналған Пауль есімді сегізаяқ енді футбол матчтарының нәтижелеріне болжам жасамайтын болады, деп хабарлайды РБК.
None
None

«Осы уақыттан бастап Пауль өзіне үйреншікті әрекеттермен, атап айтсақ, үйретушілермен ойнап, оны көруге келген көптеген балаларға қуаныш сыйлайды», - дейді океанариум қызметкерлері.

Осыған дейін Паульді ресейлік букмекерлер, сондай-ақ 30 мың еуроға испандық кәсіпкер сатып алуға тілек білдіріп отыр деген ақпарат пайда болған еді.

Еске сала кетейік, өз мәресіне жеткен Әлем чемпионатында Пауль сегіз матчтың нәтижелерін болжап, еш қателеспеген еді. Соңғы рет көріпкел-сегізаяқ Еуро-2008-де қателескен екен. Ол Испания мен Германияның финалдық жекпе-жегінде жеңісті немістерге болжаған-ды.

Соңғы жаңалықтар