Көріпкел Ванганың үйі келушілерге есік ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рупитте көріпкел Ванганың үйі жөндеуден кейін келушілер үшін ашылды. Мұнда ол өмірінің соңына дейін тұрған, деп жазады Росбалт.

Көріпкел Ванганың үйі келушілерге есік ашты

«Ванганың үйінің келушілер үшін ашылуы - Болгария үшін ауқымды оқиға. Ванга адамдарға үміт береді деген сенім бар, сондықтан олар мұнда алғыс сезімімен және ғажайыптар болады деген үмітпен келеді», - деп мәлімдеді «Ванга» қорының төрағасы Иван Драмов.

Ол Ванга үйінің 1996 жылы оның өлімінен кейін жабылғанын айтты. Өткен жылдың қараша айында үйді жөндеу жұмыстары басталған. Онда бәрі бастапқыдағыдай қалпына келтірілді.

«Үй ішіндегі жағдай да Ванганың заттарының көшірмесіндей етіп қойылған, ал олардың түпнұсқасы Петрич мұражайында. Үйге қойылған жиһаз, иконалар мен оның сүйікті қуыршақтары қолдан жасалған», - деді ол.

Айта кетерлігі, келушілер Ванганың үйіне тегін кіре алады.