Көркем гимнастика: ел спортшылары Грекияда 3 алтын медаль жеңіп алды

көркем
Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық көркем гимнастикашылар Грекияда өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, қазақстандық спортшылар доп жаттығуы, ұршық жаттығуы және лента жаттығуы бойынша жүлделерді сарапқа салған болатын.

гимнастика
Фото: ҚР Спортты дамыту дирекциясы

Жарыс қорытындысы:

Доп жаттығуы:

1-орын – Қазақстан - Эрика Жайлауова — 32.650 ұпай.
2-орын – Жапония - Наруха Сузуки — 32.650 ұпай.
3-орын – Қазақстан - Айбота Ертайқызы — 32.500 ұпай.

Ұршық жаттығуы:
1-орын – Қазақстан - Айбота Ертайқызы — 32.000 ұпай.
2-орын – Германия - Панажиота Литра — 31.150 ұпай.
3-орын – Қазақстан - Милана Парфилова — 31.000 ұпай.

Лента жаттығуы
1-орын – Қазақстан - Айбота Ертайқызы — 32.050 ұпай.
2-орын – Қазақстан - Милана Парфилова — 31.450 ұпай.
3-орын – Жапония - Рейна Матсусака — 30.450 ұпай.

Жалпы жеке жаттығу сайысында 32 елден 79 спортшы бақ сынады.

Соңғы жаңалықтар