Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ұлттық құрамасы көркем гимнастикадан Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өткен әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

ы
Фото: ҚР ҰОК

Әлем чемпионатында Қазақстан жекелей бағдарламада да, топтық жаттығуларда да өнер көрсетті.

Қазақстандық гимнастар арасындағы ең үздік нәтижені Ақмарал Ерекешева көрсетті. Ол үш финалға жолдама алып, ұршықтармен орындалатын жаттығуда бесінші, жекелей көпсайыста алтыншы және таспамен орындалатын жаттығуда сегізінші орынға ие болды.

Жекелей жарыстар

Ақмарал Ерекешева

Көпсайыс – 6-орын

Ұршық – 5-орын

Таспа – 8-орын

Шығыршық – 42-орын

Доп – 16-орын

Айбота Ертайқызы

Көпсайыс – 24-орын

Ұршық – 15-орын

Таспа – 32-орын

Шығыршық – 10-орын

Доп – 33-орын

Топтық жаттығулар

Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Аида Хәкімжанова

Көпсайыс – 13-орын

5 доп – 13-орын

Үш шеңбер және екі жұп ұршық – 12-орын

ҚР ҰОК мәліметінше, командалық көпсайыста Қазақстан 11-орынға ие болып, үздік ондыққа бір қадам жетпей қалды.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды.