02:03, 14 Сәуір 2022 | GMT +5
Көркем гимнастикадан ел құрамасы Ташкентте өтетін әлем кубогінің кезеңіне қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көркем гимнастикадан Қазақсан құрамасы әлем кубогінің кезекті кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

15 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өтеді.
Аталған байрақты бәсекеге Қазақстан сапынан Сәбина Бакатова, Дильназ Байленова және топтық жаттығу бойынша команда қатысады.
Айта кетерлігі, Ташкенттегі әлем кубогінің кезеңі 17 сәуірге дейін жалғасады.
Осыған дейін Бакуде спорттық гимнастикадан өткен әлем кубогінде Нариман Құрбановтың алтын медаль алғанын жазған болатынбыз,