Көркем гимнастикадан Қазақстан спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 мамырда елордада көркем гимнастикадан Қазақстан спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жекелеген көпсайыста ұлттық құрама мүшесі Адиля Тілекенова чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

Жарыс қорытындысы бойынша Тілекенова 72.450 ұпай жинады. Күміс медальді Нұр-Сұлтан өкілі Айдана Шакенова (71.000 ұпай), қола жүлдені жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы, шымкенттік Роза Абитова (69.500 ұпай) иеленді. null

Айта кету керек, команда үздігі Алина Әділханова жарақатына байланысты жарысқа қатысқан жоқ. null

Командалық сында (жекелеген бағдарлама) Нұр-Сұлтан спортшылары 371,150 ұпаймен топ жарды. Екінші орынды Шымкент, үшінші орынды Алматы қаласының командасы еншіледі.

null

Соңғы жаңалықтар