Көркем гимнастика: Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты

​АСТАНА. KAZINFORM - Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы Азиаданың финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Гимнасшылар іріктеу кезеңінде доп, ұршық, таспа, шығыршық жаттығуларында өнер көрсетті.

Ақмарал Ерекешева - 111.350 ұпай
Тахмина Икромова - 106.950 ұпай
Айбота Ертайқызы - 106.550 ұпай

Финал 3 қазан күні Астана уақыты бойынша 9:00-де басталады.

Осыған дейін Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан қола медаль еншілеген болатын.