«Көркем» ТК-дегі оқиға техника қауіпсіздігін сақтамау салдарынан орын алған - ҚР ӨДМ
«2014 жылы 5 сәуірде сағат 9.10-дар шамасында Астана қаласының Орынбор мен Алматы көшелері қиылысатын ауданда «Көркем» ТК объектісінде (2-кезек (Д блогы) жұмыскерлер сылақ жұмыстарын жүргізіп жатқанда, уақытша қосалқы конструкция құлады, нәтижесінде 18 адам зардап шекті.
Сонымен қатар уақытша қосалқы конструкция ғимараттың бөлігі емес, бұл құрылғы жұмыскерлер биіктікте құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізер кезде ғимараттың сыртына орнатылады.
Құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін уақытша қосалқы конструкцияларды пайдаланбайды.
Аталмыш оқиға техника қауіпсіздігін сақтамау салдарынан орын алды, бұл ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құзыретіне жатпайды», - деп жазылған хабарламада.