16:06, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
«Көркем» ТК құрылысында қайғылы оқиғадан зардап шеккен 7 адам амбулаториялық ем алуға жіберілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй кешені құрылысындағы төтенше оқиға кезінде зардап шеккен 7 адам амбулаториялық ем алуға жіберілді, деп хабарлады Астана ТЖД баспасөз қызметінен.
«Бүгін жаңа салынып жатқан «Көркем» ТК-де 18 адам зардап шегіп, 11-і ауруханаға жатқызылды, жетеуі тексеруден өткеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең «Көркем» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында металл конструкциясы опырылып құлаған болатын . Нәтижесінде 18 адам зардап шекті.