«Қорқыт Ата» әуежай терминалының құрылысы жалғасын табады-Қызылорда

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Облыс орталығындағы әуежай терминалының құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
None
None

     Облыс әкімдігі бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен жобаның 7,5 млрд. теңге болатын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі.

    Осыдан екі жыл бұрын, облыс әкімдігінің бастамасымен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы» №871 қаулысы қабылданды. Соның негізінде «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның республикалық меншіктегі 100 пайыз  акциясы коммуналдық меншікке берілді.

    2015 жылдың 14 желтоқсанында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы  мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС арасында Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы құрылысының   тұжырымдамасын  әзірлеу және жобаны сүйемелдеу келісімшарты жасалған болатын.

    Осы мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 87,0 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар