Король Чарльз қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін қолдау көрсеткен британиялықтарға алғыс айтты
АСТАНА. KAZNFORM - Ұлыбритания королі Чарльз өзінің қатерлі ісік диагнозынан кейінгі алғашқы мәлімдемесінде жұртшылықтың қолдауы үшін «шын жүректен алғысын» білдірді, деп жазады ВВС.
«Қатерлі ісікпен ауыратын кез келген адам біледі, әрбір жылы сөз адамға үлкен жұбаныш пен қолдау», - деді 75 жастағы монарх мәлімдемесінде.
Букингем сарайы Чарльздың диагнозын дүйсенбі күні жариялады.
Король қазір қатерлі ісік ауруымен күресіп жатыр және қазір Сандрингемдегі үйінде.
Оның ауруы қаңтар айында қуық асты безінің ұлғаюына байланысты емделіп жатқанда анықталды.