Корольді әлеуметтік желілерде қорлағаны үшін Тайланд тұрғыны 30 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайланд тұрғыны монархия өкілін фейсбук әлеуметтік желісінде қорлағаны үшін 30 жылға сотталды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

48 жастағы ер адам алты пост жариялаған. Бангкоктың әскери сотының пайымынша, онда қорлау мәлімдемелері мен суреттері болған.

Бастапқыда оны 60 жылға соттаған (әр материалы үшін 10 жылдан). Алайда кейіннен өз кінәсін мойындаған соң бұл мерзім екі есеге қысқартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум