Король ІІІ Ричардтің қабірі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Британияның Лестер қаласында осыдан екі жыл бұрын табылған адамның сүйектерін зерттеп, король Ричард ІІІ екені анықталды, деп хабарлады ВВС.

Король ІІІ Ричардтің қабірі анықталды

Мамандардың айтуынша, ДНҚ (ДНК) құрамына жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша, корольдің шашы сары, көзі көк болғаны танылып отыр.

Ричард ІІІ XV ғасырда өмір сүрген, Ол 1485 жылы алқызыл және раушан гүлдер соғысы кезінде Босфорт маңындағы шайқаста қаза тапқан. Корольдің сүйектері Лестер қаласында құрылыс кезінде автотұрақ астынан табылды.