Король қалыңдығы болудан үмітті 65 қыз жол апатынан қаза тапты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкадағы Свазиленд корольдігінде ірі жол-көлік апаты салдарынан 65 қыз ажал құшты. Бұл туралы РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарланды.
None
None

Екі жүк көлігі мен бір жеңіл автомобильдің соқтығысуы оқиғасы 28 тамызда кешқұрым болған. Жүк көліктердің бірінде қыздар болған. Олар жыл сайын король резиденциясында өтетін ұлттық фестивальға қатысуға бара жатқан. Қыздар отырған жүк көлігі жеңіл автомобильге соғылған. Артынша жүргізушісі тоқтатып үлгермеген жүк көлігі бұларды қақты.

"Умхланга" немесе "Танец тростника" ұлттық фестивалі сегіз күнге созылады. Оның ерекшелігі, король Мсвати III әйелдерінің бірі болуды қалайтын қыздар билейді. Оған жыл сайын он мыңдаған қыз қатысады.

Соңғы жаңалықтар