Коронавирус: 123 медицина қызметкері өтемақы алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 шілде жағдай бойынша COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем жасауға 123 өтінім келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус: 123 медицина қызметкері өтемақы алды

Өңірлер бөлінісінде өтінімдердің ең көп саны Алматы қаласынан (46), Алматы (38) және Солтүстік Қазақстан (10) облыстарынан келіп түсті. Барлық келіп түскен өтінімдер бойынша МӘСҚ-дан 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылды.

Медицина қызметкерінің коронавирустық инфекциядан, вирустық пневмониядан қайтыс болу жағдайлары бойынша МӘСҚ-қа өтінімдер түскен жоқ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, коронавирус жұқтырған 120 медицина қызметкеріне өтемақы төленді.

Барлық өтінімдерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жинақтайды.