Коронавирус: 155 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 42 630 адам коронавирус инфекциясынан (–37 137 + және 5 493 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 648 пациент стационарда, 34 982 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 538 адамның жағдайы ауыр,
- 155 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 945 922 адамнан анықталса, оның ішінде 896 581 науқас жазылып шықты.