Коронавирус: 44 адам арнайы аппаратпен тыныс алып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 24 847 адам короновирус инфекциясынан (15 440 КВИ+ және 9 407 КВИ-) ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, 5 372 пациент стационарда, 19 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 255 адамның жағдайы ауыр;
• 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.