Коронавирус: 64 пациент жансақтау бөлімінен палаталарға ауыстырылды

Бүгінгі күні елімізде 64 пациент қарқынды терапиядан палатаға ауыстырылып, олардың бір бөлігі жазылып үйлеріне қайтты. Сонымен қатар, 2 пациент Нұр-Сұлтанға уақытылы жеткізіліп, ЭКМО аппаратына қосылды. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Бұның барлығы, Эксперттік топ жұмысының нәтижесі.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасында коронавирусты инфекция (КВИ немесе COVID-19) жұқтырған пациенттерге диагностикалық, терапевтік және қарқынды көмек көрсету мақсатында Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен инфекцияны жұқтырған пациенттерге қарқынды терапия көрсететін эксперттік топ құрылған болатын.
Эксперттік топтың негізгі тапсырмасы – еліміздегі медициналық ұйымдарда ем алып жатқан COVID-19 бар ауыр және аса ауыр халдегі пациенттерге көрсетілетін емдік-диагностикалық көмек әдісін қадағалау мен оларға түзетулер енгізу.