Коронавирус ахуалын бағалау матрицасында өзгерістер бар ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 13 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус ахуалын бағалау матрицасында өзгерістер бар ма

Оған сәйкес, ел өңірлерінің барлығы бұрынғыша «жасыл» аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.