Коронавирус: Ақтауда қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында 70-ке жуық қоғамдық көлікке дизинфекция жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«6 бағыт бойынша 70-ке жуық қоғамдық көлік автобустарына коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында дизинфекция жұмыстары жүргізілуде. Дизинфекциялауға жавель, хлор препараттары пайдаланылды. Сонымен қатар тазалық жұмыстарын күнделікті көлік жүргізушілермен жолсеріктер əр 2 сағат сайын жасайтын болады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар