НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 152 елінде 156 494 адамға коронавирус жұққаны анықталды. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бөлісу:
None
Коронавирустың ошағы саналған Қытайда вирустың таралуы айтарлықтай бәсеңдеді. Бүгін бұл елде бір тәулікте 20 оқиға тіркелген. Жалпы, Қытайда 80 884 адам коронавирус жұқтырып, оның 3 199-ы қайтыс болды. Стационарларда 10 734 науқас ем алып жатса, 66 911 адамның жазылғаны белгілі. Ал әлемнің басқа елдерінде 75 650 (круиз лайнерін қоса алғанда) адам вирус жұқтырып, оның 2 623-і қаза болды.
1 «А» санатына жатқызылған Италияда бір тәулікте вирус жұқтырған 3 497 адам анықталды. Вирус жұқтырғандығы нақтылаған науқастар саны - 21 157 адам, қаза тапқандар - 1 441. 1 «Б» санатындағы Испанияда 6 391 адам вирус жұқтырып, 195 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғаны расталған адамдар саны - 1 159.
1 «А» санатына кіретін Иранда 12 729 адамға (бір тәулікте 1 365 адамға вирус жұққаны анықталды) вирус жұғып, 611 адам мерт болды. Оңтүстік Кореяда 8 086 адамның (бір тәулікте 107) коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қаза болғандар - 72 адам.
Ал 1 «Б» санатына кіретін Францияда осы уақытқа дейін 4 469 адамның вирус жұқтырғаны белгілі. Осы тәулікте бұл елде 808 адамға вирус жұққаны расталды. Қайтыс болғандар - 91 адам. Германияда тәулік ішінде 924 адамнан коронавирус табылып, 9 адам қаза тапты. Жалпы, 4 599 адамнан коронавирус табылған.