Коронавирус: Алматы облысында 48 науқастың жағдайы ауыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 114 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматы облысында 48 науқастың жағдайы ауыр

Соның ішінде Талғар ауданында – 22 жағдай, Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданында – 16, Іле ауданында – 13, Қарасай ауданында – 11, Еңбекшіқазақ ауданында – 7, Қаратал, Ұйғыр аудандарында – 6 жағдайдан, Жамбыл ауданында – 5, Балқаш ауданында – 3, Алакөл, Ескелді және Кербұлақ аудандарында – 2 жағдайдан, Ақсу, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

«Өңір «сары« аймақта. Ауруханаларда 1887 адам ем қабылдауда. Соның 48-нің жағдайы ауыр. Бір тәулікте 143 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 39,3% толған», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте облыс бойынша 386 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Соңғы 3 күнде 5978 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 344 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.