Коронавирус: Алматы облысында соңғы тіркелген 3 науқас 132 адаммен қарым-қатынаста болған

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус: Алматы облысында соңғы тіркелген 3 науқас 132 адаммен қарым-қатынаста болған

Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына алынған анализдерінің нәтижесі олардың науқас екенін көрсетті. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда.

Сырқаттардың жалпы саны 132 адаммен, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және сыртта қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды.

Айта кетейік, жалпы Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті.