Коронавирус: Алматыда 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1368 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

17 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 318 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 286, симптомсыз – 32 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 16, келіп түскені – 67

«Инфекциялық стационарларда 1 368 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 122 адам жатыр.

Ал 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 66 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 971 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2853 науқас. 118 адамда коронавирус белгілері жоқ.