Коронавирус: Алматыда 141 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1341 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда 141 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

14 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 333 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 319, симптомсыз – 14 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 135, келіп түскені – 144

«Инфекциялық стационарларда 1 341 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 38 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 141 адам жатыр.

Ал 25 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 78 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 30 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 974пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2850 науқас. 124 адамда коронавирус белгілері жоқ.