Коронавирус: Алматыда 229 адам жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда коронавирус жұқтырған 3 665 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 598 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 507-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 91-і симптомсыз ауырған.

«Қазір 7 мың төсек-орынның 6 100 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 665 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 98-і бала. Жағдайы ауыр науқастар саны 751. Орташа жағдайдағы науқастар саны 3 004. Жансақтау бөлімінде 229 адам жатыр. ӨЖЖ – 36, инвазивті емес ӨЖЖ – 77, High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді»,- деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін, қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алматының инфекциялық стационарларында төсек-орын тапшылығы жоқ екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар