Коронавирус: Алматыда 25 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1341 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда 25 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

13 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 350 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 333, симптомсыз – 17 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 146, келіп түскені – 103.

«Инфекциялық стационарларда 1 341 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 43 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 139 адам жатыр.

Ал 25 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 78 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 30 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 004 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2871 науқас. 133 адамда коронавирус белгілері жоқ.