Коронавирус: Алматыда 8 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды. Оның 57-сінде симптом бар, 9-ында ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
54 адам жазылып шықса, 14 адам ауруханаға жаңадан түсті.
845 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 238 адам жатыр, оның ішінде 9 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 28 адам жатыр.
8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 5 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 577 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 552 науқас, симптомсыз 25 науқас бар.