Коронавирус: Алматыда 9 бала инфекциялық стационарда жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 31 адам коронавирус жұқтырды. Оның 25-де симптом бар, 6-да ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
4 адам жазылып шықса, 6 адам ауруханаға жаңадан түсті.
845 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 128 адам жатыр, оның ішінде 9 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 18 адам жатыр.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 209 науқас бар.
Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 196 науқас, симптомсыз 13 науқас бар.