Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 54 адам ауруханаға түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тәулік ішінде 172 адам коронавирус жұқтырды. Оның 150-де симптом бар, 22-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жазылып шыққандар саны 187 болса, 54 адам ауруханаға жаңадан түсті.
2 145 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 592 адам жатыр, оның ішінде 28 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 53 адам жатыр.
19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 8 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 691 науқас бар.
Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 1 540 науқас, симптомсыз 151 науқас бар.