Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 7,2 мың адам вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 7222 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда бір тәулікте 7,2 мың адам вакцина алды

«16 қыркүйек күні 7222 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3065, II компонентін 4157 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 16 қыркүйек аралығында қалада 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 116 295 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.