Коронавирус: Алматыда екі пациент өте ауыр халде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 18 сәуірде коронавирус жұқтырғандардың саны 504-ке жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда екі пациент өте ауыр халде жатыр

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қалада бүгін 43 жаңа науқас тіркелген.

Оның 26-сы жергілікті ауырған адамдармен байланыста болғандар болса, 13 адам карантинде жатқандардың ішінен шықты.

Қазір Алматыда 422 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Оның ішінде 2 адамның жағдайы өте ауыр, 5 адамның жағдайы ауыр, 106 пациенттің жағдайы орта дәрежеде. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық.

Қаланың провизорлық госпитальдерінде 298 адам жатыр. Олардың ішінде 18 бала бар.