Коронавирус: Алматыда инфекциялық стационарда 42 адам емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырды. Оның 10-да симптом бар, 1-інде ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өткен тәулікте 15 адам коронавирустан жазылып шықты, 8 адам ауруханаға жаңадан түсті.

180 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 42 адам жатыр, оның ішінде 4 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 5 адам емделуде.

2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 66 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 53 науқас, симптомсыз - 13 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар