15:49, 25 Наурыз 2022 | GMT +5
Коронавирус: Алматыда инфекциялық стационарда 73 адам жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 8 адам коронавирус жұқтырды. Олардың барлығында симптом белгілері бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 адам жазылып шықты, 6 адам ауруханаға жаңадан түсті. 400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 73 адам жатыр, оның ішінде 8 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 11 адам жатыр.
4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 87 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 72 науқас, симптомсыз - 15 науқас бар.