Коронавирус: Алматыда инфекциялық стационарларда 495 адам жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 158 адам коронавирус жұқтырды. Оның 141-де симптом бар, 17-сінде ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жазылып шыққандар саны 66 болса, 31 адам ауруханаға жаңадан түсті. 1 330 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 495 адам жатыр, оның ішінде 24 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 52 адам жатыр.
22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 5 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 566 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 1 426 науқас, симптомсыз 140 науқас бар.