Коронавирус: Алматыда қайтыс болған адам қант диабетімен ауырған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында коронавирустан қайтыс болған науқастың басқа да аурулары болған, деп хабарлайды Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Науқас 1964 жылы туған. Одан коронавирус 17 сәуірде анықталған.
Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.
22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ-ге ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды.
Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады.
30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады.
Сағат 07:00-де биологиялық өлім тіркелді.
Қорытынды диагнозға сай, адам расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша ауруларға байланысты көз жұмды.