Коронавирус: Алматыда кімдерге тегін тест тапсыруға болады

Оның айтуынша, тегін тестіні дәрігердің бағыттауы бойынша және жұқпалы ауруларға күдік туған жайдайда, өткір респираторлық синдромдар байқалған жағдайда тест тегін тапсырылады.
«Қазір қалада жоспарлы түрде ауруханаға жатуға дайындалып жүрген науқастарға ПТР тестілеуді тегін жүргізудің жүйесі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар жоспарлы түрде босануға дайындалып жүрген жүкті келіншектер де тегін тексеріле алады», - деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, COVID-19 күдік туған жағдайда емхана дәрігерлері немесе үйге шақырылған дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызар кезде тегін тест жасайды.
Ал қалада қазір ақылы түрде үш емханада «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертхана, Оңтүстік Корея емханасы, Ұлттық сараптама орталығы бөлімшесінде өтуге болады.
«Оларда белгіленген тариф бар. Жекеменшік зертханаларда тест құны 16 000 тг жетеді. Ал Ұлттық сараптама орталығы бөлімшесінде 11500 теңге бекітілген. Ұшаққа билет алған жолаушылар осы үші зертханадан тест тапсыра алады», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.