Коронавирус: Алматыда санитарлық-гигиеналық режимді күшейту ұсынылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус: Алматыда санитарлық-гигиеналық режимді күшейту ұсынылды

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы халықаралық әуежайында коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша аймақтық штабтың көшпелі отырысы өтті.

Мақсат – әуежайда жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды бағалау, туристік фирмалардың, туристік дүңгіршек пен турполицияның жұмысын тексеру.

Санитарлық-гигиеналық режимді күшейту және коронавирусты инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, №4 қалалық клиникалық аурухананың шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша дайындығы, 3h (триаж) жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесінің жұмысы, сондай-ақ коронавирусты инфекцияға күдікті адамдарды анықтау жағдайына ден қою шаралары тексерілді.