Коронавирус: Алматыда төсек-орынның 65% толған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 4044 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда төсек-орынның 65% толған

26 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 693 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 600, симптомсыз – 93 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 4044 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 114 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 267 адам жатыр. Ал 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 90 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5 911 пациент бар. Оның ішінде 5250 адамда індет белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 661 адамда коронавирус белгілері жоқ.